Нұртасина Назира Кенесарықызы 13.06.1985 жылы Көкшетау облысы Чистопол ауылында дүниеге келген.
2002 жылы – Чистопол орта мектебін бітірді.
2005 жылы – Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжін «бухгалтер-аудитор» мамандығы бойынша бітірді.
2010-2022 жылдары «СҚО Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» КММ библиограф болып жұмыс істеді.
Жұмыс барысында: Петропавл ГТК «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша бітірген, 2017 жылы «Челябі мемлекеттік мәдениет институтын» КАҚ (кітапханалық – ақпараттық қызмет) мамандығы бойынша бітірген.
04.01.2023 ж.бастап «СҚО Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» КММ директорының м.а. тағайындалды.
25.09.2023 ж.бастап «СҚО Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» КММ директоры болып тағайындалды.
Қойылған мақсатқа табандылықпен жетеді , қызметтік міндеттерін адал орындайды, кітапхана ісінің бастамашыл әрі білікті маманы ретінде өзін жақсы қырынан көрсете білді, әріптестерімен тіл табыса алады. Ұжымда психологиялық жайлы тұрғыдан жайлы шығармашылық атмосфера қалыптастырады. 2015 жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін аудан әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
2016 жылы кәсіподақ қозғалысындағы белсенді қызметі үшін Солтүстік Қазақстан облыстық мәдениет қызметкерлері кәсіподағы филиалының Құрмет грамотасымен марапатталды.
2021 жылы облыстық Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысының Алғыс хатымен марапатталды.
2022 жылы «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төс белгісімен марапатталды
KZ

