Перейти к содержимому

#Repost @madeniet__aqparat__ministrligi with @use.repost ・・・ 🎓 Солтүстік Қазақстан облысында Күләш…

#Repost @madeniet__aqparat__ministrligi with @use.repost
・・・
🎓 Солтүстік Қазақстан облысында Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің өкілдігі ашылады

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті еліміздегі дарынды жастардың білім алып, шығармашылық тұрғыдан дамуына жағдай жасап келеді.

Мәдениет пен өнер саласында сапалы білім алуға жағдай жасауға бағытталған мемлекеттік саясат аясында жаңа оқу жылынан бастап университеттің Солтүстік Қазақстан облысында өкілдігі ашылады. Бұл бастама өңірдегі дарынды жастарды қолдауға, олардың кәсіби білім алуына және шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталады.

Бүгінде Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті – музыка, театр, бейнелеу өнері, кино және теледидар, арт-менеджмент және өзге де шығармашылық бағыттар бойынша жоғары білікті мамандар даярлайтын еліміздегі жетекші өнер оқу орындарының бірі. Университет студенттері мен түлектері халықаралық байқаулар мен фестивальдерде ел намысын абыроймен қорғап, салада табысты еңбек етіп, ұлттық мәдениеттің дамуына елеулі үлес қосып келеді.

Солтүстік Қазақстан облысында университет өкілд